Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

11.01.2024 ж Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Б.Әбдешов ұлттық парк жұмысымен танысып, алдағы уақытта түзілген жоспарға сәйкес бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті екенін білдірді. 

Айта кетер болсақ, 2023 жылы табиғат қорғау мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен, «Аманат» партиясы өкілдерімен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдері және шекара қызметкерлерімен бірлесіп 562 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде 45 заң бұзушылық (оның 44 әкімшілік құқық бұзушылық , 1 өрескел қылмыстық құқық бұзушылық) фактілері анықталған.

15 1 15 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.