Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

14.06.2023 ж “Shymkent” қонақүйінде жеке тұлғалардың және туристік топтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бару қауіпсіздігіне арналған семинар өтті. Семинарға 20-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм нұсқаушылары қатысты. Жетекші сарапшылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережері мен туристерге алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты қауіпсіздіктің техникалық аспектілері туралы толық мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар өз кезегінде өрт қауіпі бар маусымы кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат алды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.