Парктер шеруі табиғат қорғау акциясы аясында өткізілген қайырымдылық іс-шара.
Ұлттық парк қызметкерлері және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы, "Біз біргеміз" еріктілер тобымен бірлесіп, Арыс қаласындағы балалар үйі тәрбиеленушілерін бір күн болсада қуанту мақсатында, "БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА" тақырыбында арнайы табиғат аясында көңіл көтерер демалыс өткізілді.
Іс-шара барысында дастархан жайылып, түрлі қызықты ойындар өткізіліп, соңында бағалы сыйлықтар үлестірілді.