Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Түркістан облысындағы Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарының таулы аймағында орналасқан жалпы аумағы 149037 гектар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне Өгем, Қаржантау, Иірсу-Дәубаба, Боралдайтау және Қазығұрт тау жоталары кіреді.

Ұлттық табиғи паркте өсімдіктермен қатар аң-құстардың түрі саналуан: ондағы 59 түрлі сүтқоректілердің 10 түрі, 300 құс түрлерінің 30-ы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түлер ретінде Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Осы сирек түрлердің ішінде – Қаратау арқары (латынша Ovis ammon Nigrimontana) Боралдайтау тау жотасының Көкбұлақ, Қанай, Қайыршақты, орман айналымдарында, олар сонда жиі қыстап, ішінара төлдейді – бір-екіден қозылайды.

Ол жұптұяқтылар (ашатұяқтылар) отрядыныңқуысмүйізділер тұқымдасына жатады. Қазақстанның сирек кездесетін эндемигі. Топтанып тіршілік етеді. Олардың қойылған тұз жалақтарға жиі келгенін іздерінен байқауға да болады.

Биылғы 2020 жылдың ақпан айында ұлттық табиғи парктің жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы С.Аманқұловтың басшылығымен мамандар – Б.Бейсенбаев, Ә.Мамет, Н.Байгутов, Ч.Шуменов, айналым инспекторы – И.Мирзаев Түлкібас филиалы аумағында жабайы жануарларға бақылау мен мониторинг жүргізді. Олар сонымен қатар сұғанақтыққа қарсы табиғат қорғау шараларын да ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тұз жалақтарға қосымша тұз себіліп, сол аймақтарда бірнеше фототұзақтар орнатылды. Мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылуы арқарлардың осы аумақта тұрақтап қалуына және олардың көбеюіне септігін тигізеді.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.