Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

1-сәуір халықаралық құстар күніне орай "Парктер шеруі-2023" аясында «Экология,өлкетану және туризм орталығы» КММ-і мен бірлесе "Құстарға қамқор болайық" атты өткізілген іс-шара.

31-наурыз күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы  А.Асқаров атындағы Дендросаябағында өткізілді. Қатысушылар саны 500-ге жуық. Іс-шара барысында қылқан жапырақты ағаш көшеттері егілді. Іс-шараға ЖОО мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, «Жас-Ұлан» сарбаздары, ПҚ Желтоқсан ақиқаты РҚБ Шымкент қалалық қоғамдық бірлестігі, Мұрагер қоғамдық бірлестігі, туризм орталығы, Дендропарк Шымкент және ұлттық парк қызметкерлері қатысты.

 

03.04.23 1 03.04.23 1 03.04.23 1 03.04.23 1 03.04.23 1

«Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясының ашылуы

 

 

Ұлттық парк қызметкерлері және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқытушыларымен студенттердің практика өту кезін атқарылатын жұмыстарын талқылау барысы. 

30.03.23 1 30.03.23 1 30.03.23 1 30.03.23 1

24-наурыз күні №3 Ғылыми-техникалық кеңес өткізілді.

Қаралған мәселелер:

1. 2022-2026 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы аралық есептерін бекіту.
2. «Табиғат жылнамасы-2022» кітабын бекіту. «Табиғат жылнамасы-2023» бойынша жұмыстардың барысы жөнінде.
3. «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясының жоспары мен өткізу іс-шараларын бекіту.
4. 2023 жылғы көктемде филиалдарда орман екпе алқаптарын отырғызу және тұқымбақтарда көшет өсіру жұмыстарының барысы туралы.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.