Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Жанама пайдалану дегеніміз орманның ағаштаналынбаған өнімдерін тамақ үшін және халықшаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыруүшін пайдалану.

Орман жанама пайдалануға: марал өсіру, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауылшаруашылықдақылдарын өсіру, шабындық және мал жаюжатады. Мемлекеттік орман қорының аумағында шөп шабу және мал жаю ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Шөп шабуға және мал жайылымға, осы мақсатқа жарамды, мемлекеттік орман қорынакіретін ауыл шаруашылығы жерлері бөлінеді, сондай-ақ табиғи және жасанды ормандардықалпына келтіруді, шөп шабу басталғанға дейіноларды жақсартудың басқа шараларын көздемейтінжазықтар мен басқа да ормансыз жерлерпайдаланылады, сондай-ақ қайта құруғаарналмаған құндылығы аз екпелердің жекеучаскелері.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінжанама мақсатта пайдалану үшін орманпайдаланушының өтініші мен қысқа мерзімдіорманды пайдаланғаны үшін төлемді растайтынқұжаттар негізінде орман билеті беріледі.

Орман билетін беру үшін азаматтар: www.elicense.kz  порталы арқылы белгіленген үлгігесәйкес өтінім беруі, орманды пайдаланғаны үшінтөлем ставкаларына сәйкес қызмет ақысын төлеуіжәне мекемеге төлем туралы түбіртекті ұсынуықажет, содан кейін орман билеті шығарылады жәнеберіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз мал жаю, шөп шабу, омарта орналастыру т.б. жанама пайдалануға рұқсат етілмейді.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.