Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Арша (немесе тау аршасы) – біздің таулардың ерекше ағашы. Батыс Тянь-Шань тауларында арша биік, қою бұталы, мықты діңді сұлу ағаш болып келеді.
Бір аңызда, бұдан бірнеше мың жылдар бұрын төрт ағаш қатар өсіпті: қарағай және оның қызы – арша, сексеуіл және оның ұлы – жүзгін. Балалық шақ кезінен арша мен жүзгінді атастырып қойған екен, алайда жүзгіннің отбасы өте кедей болып, қалыңмал жинай алмаған, қарағай мұндай құдаларды ұнатсын ба?
Жүзгін - жігіттің жүрегі жараланып, әкесі сексеуілдің намыстан, өкініштен, жоқшылықтан денсаулығы нашарлап, тез қартайып кетті. Екеуі намыстанғаннан оңтүстікке қарай – сусыз жолды жерге көшіп кетеді. Ол жақта жүзгін тобылғымен танысып өз бақытын табады, кішкене гүлдермен гүлдененді.
Қарағай болса денесін тіктеп жоғары қарай биіктеп өсе береді. Ал Арша тау тастарын ұнатып таудың жоғары белдеулеріне қарай кетеді.
Бақыт байлықтың көптігінде емес, өзіңе жасалған жайлы жағдайда - өмір гармонясында!

Біздің аумақта аршаның негізінен үш түрі өседі:
Зеравшан аршасы, жарты шар тәрізді арша (Саур аршасы) және жоғары белдеулерде өсетін Түркістан аршасы (стелющаяся - жер бетіне жабысып өсетін). Арша ағашы орта есеппен 300-700 жыл жасайды.
Бұл ағаштың тамыр жүйелері мықты, олар жан-жағына 30 метрге дейін таралып топырақты сақтайды, жердің беткі қабатының жылжуына, көшкін мен селге жол бермейді.
Арша ағашының бөрікбасы, бұталар мен жапырақтары күннің соңынан сағаттың айналу жылжу бағыты бойынша үнемі бұрылады да, ағаштың діңі сол бағытта бұралған болып келеді.

29 1 29 1 29 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.