Жәндіктердің жер бетіне кең таралғандығы соншалықты, олардың кездеспейтін жері жоқ. Мәңгі мұз үстін, жай суды былай қойғанда, 55ºС-қа дейін жететін ыстық суларда (қайнарларда), жерде, ауада, топырақтың ішінде т.б. Жәндіктерді (омыртқасыз жануарларды, насекомдарды) зерттейтін ғылымды энтомология дейді. Ол гректің «ентома» - жәндік және «логос» - ғылым деген сөзінен шыққан.
Түр алуандығы, адаптация түрлері, көбею жылдамдығы және экожүйеге қуат беруде табиғатта омыртқасыз жануарлар басты роль атқарады.
2006-2022 жылдардағы зерттеу нәтижесінде Ұлттық парк аумағында омыртқасыз жануарлардың 62 отрядқа жататын 364 тұқымдас 1511 түрі анықталды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген омыртқасыз жануарлардың ұлттық парк аумағында 9 түрі кездеседі. (Ағаш дәуіті, қысқақанатты Боливария дәуіті, көрнекті шоқпарқарынды инелік, қоңырқанатты шегіртке, сұр шегіртке, Түркімен ала көбелегі, Вискотт сары көбелегі, Якобсонның филлоргериясы, алып солия, Алексанор көбелегі).
Жалпы коллекция саны – 850.