Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

21.07 1

21.07 1

5. Жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі - келушілер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі - ЕҚТА) түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында болу кезінде мынадай іс-әрекеттер жасауға рұқсат етіледі:

1) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен және экскурсиялық маршруттардың арнайы жолдарымен, механикаландырылған көлiкпен және салт атпен жүру, қорықтық күзет режимi бар учаскелерден басқа, арнайы жабдықталған орындарда аялдау;

2) белгіленген туристік маршруттармен және соқпақтармен табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен алдын-ала келісілген, ЕҚТА экскурсия ұйымдастырушыларының немесе инспектор-гидтерінің бастап жүруімен ұйымдасқан экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізу;

3) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша су айдындарында тек қана моторсыз жүзу құралдарымен жылжу;

4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау.

Мемлекеттік табиғи қорықтарда әуесқойлық балық аулау Заңның 43-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

5) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орындарда жабайы жемістер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және дәстүрлі табиғат пайдаланудың басқа түрлері;
.
6) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша спорттық және экологиялық-ағарту іс-шараларын, туристік слеттер өткізу;

7) кәсіби және әуесқойлық фото-бейне түсірімдер жүргізу;

8) оқу практикаларын өткізу;

9) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде оқу мақсаттары үшін гербарий жинау, топырақ үлгілерін іріктеу;

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында көзделген өзге де қызметтер.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.