Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Ресей және Еуропа елдерінің ғалымдары мен орнитология саласының мамандары қатысты. Іс-шара барысында құстардың маусымдық миграциясы, популяцияларды мониторингтеу, құстарды сақиналау, GPS және спутниктік бақылау, миграциялық дәліздерді зерттеу, сирек кездесетін түрлерді қорғау мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды.

Сонымен қатар, конференция аясында «Шақпақ» орнитологиялық станциясының далалық бағдарламасымен танысып, құстарды аулау, сақиналау және олардың миграциясын зерттеу әдістері бойынша тәжірибе алмастық.

Конференцияға қатысу барысында орнитология және құстар миграциясын зерттеу бағытында тәжірибе алмасып, кәсіби білімімізді толықтырдық.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.