Табиғаты тұмса, тарихы терең, биологиялық алуантүрлілігімен ерекшеленетін Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Ғасыр бойы бұл қасиетті мекен табиғи байлығымызды қорғап, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ақсу-Жабағылы – халқымыздың баға жетпес табиғи мұрасы, еліміздің экологиялық құндылығы мен мақтанышы.
Осы айтулы мерейтойға орай қорық ұжымына мықты денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, табиғатты қорғау жолындағы жауапты жұмыстарыңызға береке тілейміз!
? Табиғатты қорғау – болашақты қорғау.
Ақсу-Жабағылының табиғи байлығы ғасырлар бойы сақталып, келер ұрпаққа аманат болып жете берсін!
100 жыл – тарих.
100 жыл – еңбек.
100 жыл – табиғатқа деген адалдық!
? Мерейтой құтты болсын!










