Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам–Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпті маусым кезеңінде табиғи өрттердің алдын алу және оларды жедел сөндіру мақсатында жеке құрам мен өрт сөндіру техникалары толық дайындыққа келтірілген. Өрт қауіпті кезеңде кезекшілік тәулік бойы ұйымдастырылып, қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Арнайы техника мен қажетті өрт сөндіру құралдарының дайындығы тұрақты бақылауда ұсталып, ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қамтамасыз етілген. Табиғи өрттердің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған байланысты келушілерден өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды, от жақпауға, жанғыш қалдықтарды тастамауға және табиғатқа ұқыпты қарауды сұраймыз. Кенжалы Ахмет

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.