Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың қолынан «ҚР Экологтар күні» және «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мектеп орманшылығының мүшесі, №14 Айбек атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Кудратуллаев Алишер Тимурович марапатталды.
 
Алишер табиғатты қорғау ісіне белсенді араласып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып жүрген жас буын өкілі. Ол 2025 жылдан бастап «Таза Қазақстан» жобасы аясында құрылған «Жасыл ел» клубының мүшесі ретінде көптеген экологиялық бастамаларға қатысып келеді.
 
Ағаш отырғызу,
Көшет өсіру,
Аумақтарды тазалау,
Экологиялық акциялар мен сенбіліктерге қатысу арқылы табиғатты қорғаудың маңыздылығын өз қатарластарына насихаттап жүр.
 
Алишер қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғи ресурстарды сақтау мен орман байлығын қорғауға ерекше қызығушылық танытады. Болашақта өз өмірін экология және орман шаруашылығы саласымен байланыстыруды мақсат етеді.
 
Табиғатты аялауды өмірлік ұстанымына айналдырған, экологиялық сауатты әрі белсенді жас азаматтың жетістігі – барша жастарға үлгі.
 
Алишерді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктерің көп болып, табиғатты қорғау жолындағы еңбегің әрдайым жемісті болсын!
 
#СайрамӨгемМҰТП #ЭкологтарКүні #ҚоршағанОртаныҚорғауКүні #ТазаҚазақстан #ЖасылЕл #ЖасЭколог #ТабиғатЖанашыры #БолашақЭколог

    

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.