Болашақ экологтарға Сайрам-Өгем МҰТП-не экскурсия ұйымдастырылды 2026 жылдың 28 мамыр күні сағат 10:00-де «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ-ның 6В05202 – Экология білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін өндірістік тәжірибе аясында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде танымдық экскурсия өткізілді. Экскурсияға жалпы саны 57 студент пен 3 тәжірибе жетекшісі қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық парктің табиғи ерекшеліктерімен, биоалуантүрлілігімен, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарымен және экотуризм мүмкіндіктерімен танысты. Экскурсияны Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экскурсоводы А. Тастанбеков жүргізіп, студенттерге ұлттық парктің табиғи байлығы мен оны сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет берді. Осындай танымдық іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.










