Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Ағымдағы жылдың 20-29 ақпан күндері мемлекеттік инспекторлардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында барлық мемлекеттік инспекторларға оқу-семинар, техминимум сабақтары өткізілді.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.