Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2023 жылдың 23-24 қараша күндері Шымкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «Биоәртүрлілікті қаржыландыру шеңберінде» туроператорлар, гид-экскурсоводтар, ЕҚТА қызметкерлері үшін «Экологиялық туризм стандартын қолдану бойынша» семинар өткізілді. Оған қоса, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ЕҚТА» басқармасының басшысы Е.Т.Дүйсекеев Сайрамсу орманшылығында орналасқан құрылыс нысандарымен, БӨБ-ін автоматтандыру және турмаршруттың абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.