Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

 Батыс Тянь-Шаньдағы спорттық, хикаялық және айрықша туризм, трекинг.

Мерзімі: 15 сәуірден 15 қазан аралығы.
Ұзақтығы: 3 –тен 15-16 күнге дейін.
Қиындық деңгейі: ААА, орташа.
Сарқырама биіктігі: теңіз деңгейінен 650 – метрден 2900 метрге дейін
Топ құрамы: кемінде 5 адам, үйлесімді 8-12 адам.
Жүріп-тұру уақыты:  сумен, атпен және жаяу – 5-7 сағат, автобуспен – 8-9 сағатқа дейін.



Керек-жарақтар бойынша ұсыныстар: ұйықтауға арналған қапшық, күн көзінен сақтайтын көзілдірік және бас киім, аң аулауға арналған етік, аяқ-киім, жеке альпинистік жабдықтар.

Саяхат Батыс Тянь-Шань жоталары – Қаржантау тауларында өтеді. Өгем жотасы және Өгем өзенінің бойы. Аталған саяхатты орындау үшін автобустік, ат пен жаяу жүргінші жолдары, катамаранға арналған ағын жолдары мен үңгірге кірер жол төселген. Сізге ұсынылып отырған жолды жаяу, атпен және катамаранда өте аласыз.

Сізді тастардың астынан жер астылы өзенді қалыптастырып, әр жерінен өзінің арнасын жасаған Ақсу, Ақ-мешіт, Айғыржырған, Бүргүлік, Кіші-Қайыңды өзендерінің орасан зор каньондары күтеді. Каньондар қараңғы әрі тар тік жартастармен және гүрілдеген сарқырамалармен, каньондарға ұя салған қайталанбас құстардың көптігімен таң қалдырады.

Біздің сапар көркем аңғарлар, сарқырамаларды айнала өтіп, екпінді тау ағындарының бойымен, биік таудың шалғындары мен даласы, шыршалы және жапырақты ормандар, үйілген тау жыныстары  және тасты шөгінділер бойымен болады. Сіз үнсіздік билеген тау шыңдарына қар жұрнақтары мен шөгінділер арқылы көтерілесіз, жарық мұздық пен көшпе мұздарды, ағысы екпінді өзендерді еңсеріп өтесіз. Көгілдір өзен айдынында қар бүркенген тау кескінін қызықтап,  құстардың сазды үні мен сарқырама шуын тыңдайсыз, ғажайып күннің шығуы мен батуына сүйсіне қарап, «Сталактитовый» және «Сусенгенский» үңгірлеріндегі жер астылы сарайлардағы үнсіздікті тыңдай аласыз.

Атпен құрғақ тасты үстірт, альпінің шөп шалғындары мен гүлденген даланы аралайсыз. Катамаранда көптеген қиын шоңғалдар мен қайраңдармен  көп сулы екпінді өзен бойымен жүресіз. Зұлым су ағындары мен су көпіршіктерінен, дөңгелек иірімдер мен тік су ағындарынан құтылуға тырысасыз.

Негізгі биік белдеулерде: жартылай шөлде, жазық дала мен шалғындарда, шыршалы және жапырақты ормандарда, мәңгі қар белдеулерінде боласыз. Сізді қарлы әртүрлі түсті мозайка қарсы алады, ғаламшарда жоқ  өсімдік – сирек кездесетін эндемик көресіз.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.