Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем МҰТП-ің аумағынан 2010 жылы іріктеп санитарлық ағаш кесуден жалпы көлемі 63,7 га жерден 88,68 текше метр көлемде белгіленген. Оның ішінде:

қылқан жапырақтылар 14,0 гектардан 7,22 текше метр, жалпақ жапырақтылар 49,7 гектардан 81,64 текше метр. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында ағаштардың жай күйін жақсарту мақсатында Төлеби филиалында 14,5 гектарда іріктеп санитарлық кесіктен көлемі 7,2 текше метр отын дайындалып, одан жергілікті бюджетке 4926 теңге қаржы түсірілді. Бүгінгі таңға Өгем филиалында жоспарланған 17 га, 25 текше метр отындық ағаштың 8 га жерінен 14 текше метр отындық ағаш дайындалды. Ал қалған көлемдегі кесік жұмыстары жыл аяғына дейін толық тазаланып бітеді.

Орман қоры жерлерінде келесі жылға мәдени орман екпелерін отырғызуға жер дайындау жұмыстары 50 га жоспарланған, бүгінгі таңға 46 га жер дайындалды. Оның ішінде Түлкібас филиалында 17 га механикалық әдіспен, Төлеби филиалында 11 га қолмен және Өгем филиалында 18 га қолмен жер дайындалды. Өгем филиалында жоспарланған 22 га, бүгінгі таңға 18 га жасалынды, 4 га жер көлемін осы апта аяғына дейін бітіру қолға алынуда.

Ұлттық парк тұқымбақтарында 30 түллі ағаш көшеттерінен 425,6 мың данасы бар. Оның ішінде: Сеппе көшеттер – 297,0 мың дана, ал тікпе көшеттер мен қаламшалар – 128,5 мың дана өсірілуде.

Жыл басынан бері филиалдар бойынша 25 ағаш түрінен 450 кг тұқым дайындалып, Алматыдағы тұқымды сараптау мекемесіне жіберілді.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.