Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас мамандары Қ.Бердиева, А.Өмірзақова 2010 жылдың 2 қарашасында

қаламыздағы С.Рахимов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында Сайрам-Өгем МҰТП-і жайында танымдық презентация жасап, лекция оқыды. Лекция оңтүстік өлкеміздің бай табиғатымен «Қызыл кітапқа» енген аң-құстары, өсімдіктер жайлы тәрбиеленушілерге кең мағұлмат берді. Өткізілген лекция тәрбиеленушілер арасында қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, Музей-келу орталығының қызметкері Дүйсекова А. 2010 жылдың 16 қарашасына Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің экология пәнінің 3 курс студенттеріне көрме өткізді. Онда әртүрлі қол бұйымдары, сонымен қатар паркте кездесетін жабайы андардың мүсіндері қойылған. Студенттер парктің қысқаша тарихы мен тынысмен танысып шықты.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.