Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Түркістан көпсалалы - техникалық колледжі базасында “Қазақстандағы туризмнің даму проблемалары” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиын барысында өңірдің өзекті мәселелері, туризмнің салалары тақырыбын жан-жақты талқылау, туризмді дамытудың мүмкіндіктері мен кедергілерін қарастыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге Төлеби аудандық Аймақтық ақпараттық экологиялық саяхатшылар орталығының директоры Алихан Абдешов, ұлттық парк мамандары мен колледж оқытушылары мен студенттері аталған мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар, зум арқылы Түркістан облысы Қолөнер колледжінің студенттері қатысты.

04 1 04 1 04 1 04 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.